427,91 501,70 5.60
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


9 жасар бала өліміне қатысты жағдайды Қазақстан консулдығы бақылауға алды

  • 132
  • UPD: 15:43, 01.10.2020
9 жасар бала өліміне қатысты жағдайды Қазақстан консулдығы бақылауға алды

9 жасар отандасымыз Түркияда жол апатынан қаза тапты. Бұл туралы меншікті тілшіміз Меруерт Қанағат жергілікті басылымдарға сілтеме жасап хабарлайды.

Қайғылы оқиға Анталияның Алания ауданында болған. Жасөспірімді жергілікті уақытпен 14:00 шамасында тас жолдың қарсысына өтіп бара жатқан тұста көлік соққан. Соққының ауыр болғаны соншалық бала бірнеше метрге ұшып кеткен. Ал көлік жолдың оң жағындағы жанармай бекетіне кіріп кетті. Бекет жұмысшысы «әупірімдеп» аман қалған. Ал 9 жасар баланы, өкінішке орай,  барлық аман алып қалу мүмкін болмаған. Қазақстанның Анталиядағы консулдығы өкілдерінің сөзінше, бұл жағдай бақылауда. Қазір жүргізушіге катысты сот үкімі күтілуде.

Түрік заңдарына сәйкес, кісі өліміне әкелген жол апаттарында 7 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған.

Хабар 24 телеарнасы