427,91 501,70 5.60
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Лондонда Кембридж университетінің өкілі Достық орденімен марапатталды

  • 103
  • UPD: 16:20, 01.10.2020

Лондонда Кембридж университеті білім беру бойынша серіктестігінің басқарушы директоры Джейн Манн II дәрежелі Достық орденімен марапатталды.

Марапат екі ел арасындағы достық қарым-қатынастарды нығайтуға қосқан елеулі үлесі үшін, сондай-ақ қазақтың ұлы ақыны, философы және ағартушысы Абай Құнанбайұлының мұрасын насихаттауға сіңірген еңбегі үшін берілді. Айта кету керек, Джейн Манн басшылығымен Кембридж университетінің баспасында Абай шығармаларының ағылшын тіліндегі алғашқы толық жинағын басып шығару жобасы жүзеге асырылып жатыр. Ал 2019 жылы Рухани жаңғыру бағдарламасы аясында Кембридж университетінің баспасы және Ұлттық аударма бюросымен бірлесіп, ағылшын тілінде заманауи қазақ әдебиетінің алғашқы екі томдық антологиясын басып шығарды және ол әлемнің жетекші университеттері мен кітапханаларына жеткізілді.

Джейн Манн, Кембридж Университеті білім беру бойынша серіктестігінің басқарушы директоры:

- Достық мемлекеттік наградасын алу мен үшін үлкен құрмет. Абайдың өлеңдерінің ішіндегі ең сүйікті шығармам: ғылым таппай мақтанба.  Шынында да, адам баласы үшін білімнен маңызды ештеңе жоқ. Мен сондай-ақ «сен де бір кірпіш дүниеге кетігін тап та бар қалан» дейтін жыр жолдары бар өлең қатты ұнайды. Естігелі бері мен бұл сөздерді балаларымның тәрбиесінде жиі қолданамын. Менің ойымша, бұл Абайдың адам болмысын және қоғамдағы әрбір адамның ролін қаншалықты сезінгенін көрсетеді.

Хабар 24 телеарнасы