432,64 506,00 5.46
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Елбасы Ерлан Тұрғымбаевты қабылдады

  • 184
  • UPD: 23:01, 01.10.2020

Кездесуде Қауіпсіздік Кеңесінің Төрағасына карантин кезеңінде елде құқықтық тәртіпті қамтамасыз ету бойынша қабылданған шаралар, сондай-ақ жеке құрамды эпидемиядан қорғау жөнінде мәлімет берілді.

Сонымен қатар Нұрсұлтан Назарбаевқа ішкі істер органдарының халықпен өзара іс-қимылын жақсарту, олардың жұмысының ашықтығын қамтамасыз ету бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстар туралы ақпарат ұсынылды.

– Мемлекеттік органдардың қоғам үдесінен шыға білгені жөн. Жұртшылықпен тікелей диалог орнатып, азаматтармен кері байланысты жақсарту үшін қазіргі «платформалардың» жұмыс форматын қайта қарау қажет. Басты мақсат – халықтың құқық қорғау жүйесіне деген сенімін және оның қызметінің тиімділігін арттыру, – деді Елбасы.

Қауіпсіздік Кеңесінің Төрағасы Президенттің жергілікті полиция қызметін одан әрі реформалау және елдегі құқықтық тәртіпті қамтамасыз ету жөніндегі тапсырмаларын сапалы орындаудың маңыздылығын атап өтті.

Ақпарат көзі: elbasy.kz

Хабар 24 телеарнасы