428,68 501,70 5.55
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Жаңғырту жөніндегі ұлттық комиссияның селекторлық отырысында қандай мәселелер қаралды?

  • 113
Жаңғырту жөніндегі ұлттық комиссияның селекторлық отырысында қандай мәселелер қаралды?

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың бес институционалдық реформасын іске асыру және Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың халыққа Жолдауында айтылған бағыттар бойынша күрделі жұмыс атқарылып жатыр.

Бұл туралы бүгін ел премьер-министрі Асқар Маминнің төрағалығымен өткен Жаңғырту жөніндегі ұлттық комиссияның селекторлық отырысында айтылды. Жиынға қатысушылар «Кәсіби мемлекеттік аппарат құру», «Заңның үстемдігін қамтамасыз ету» Индустрияландыру және экономикалық өсім» , «Біртектілік пен бірлік» бағыты «Есеп беретін мемлекетті қалыптастыру» бағыттарын жүзеге асыру бойынша есеп берді. Сондай-ақ басқосуда сүт және ет өндірісі, туристік және инновациялық кластерлерді кеңейту, кедендік және салық жүйелерін интеграциялау, жобалау алдындағы және жобалау-сметалық құжаттамаға сараптама жүргізу, мемлекеттік басқару, білім беру және денсаулық сақтау жүйелерін жетілдіру, мемлекеттік органдар мен өңірлер әкімдіктері жанындағы қоғамдық кеңестердің рөлін күшейту мәселелері қаралды. Отырыс қорытындысы бойынша Үкімет басшысы Ұлт жоспарын толық әрі сапалы жүзеге асыру бойынша белсенді жұмысты жалғастыруды тапсырды.

Хабар 24 телеарнасы