432,64 506,00 5.46
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

СІМ басшысы БҰҰ алаңында жаһандық қауіпсіздік мәселелері жөнінде сөз сөйледі

  • 98
СІМ басшысы БҰҰ алаңында жаһандық қауіпсіздік мәселелері жөнінде сөз сөйледі

Министр Мұхтар Тілеуберді «Horasis» тәуелсіз талдау орталығының жоғары деңгейдегі бейнеконференциясына қатысты.

БҰҰ 75 жылдығына арналған іс-шарада Армения Президенті Армен Саркисян және БҰҰ Бас хатшысының БҰҰ 75 жылдығын мерекелеуге дайындық жөніндегі Арнайы кеңесшісі Фабрицио Хохшильд сөз сөйледі.

Талқылаудың негізгі тақырыбы коронавирус пандемиясын және басқа да жаһандық сын-қатерлерді жеңу жолындағы халықаралық қоғамдастықтың көпжақты күш-жігерінің рөлі болды. Қатысушылар БҰҰ осы процесті үйлестіруде жетекші рөл атқаруы керек деген пікірге келді. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев БҰҰ 75-ші сессияның жалпы саяси пікірталастарында атап өткендей, БҰҰ пандемия салдарын еңсеру, экономикалық қалпына келтіруді жеделдету және жаһандық басқаруды жақсарту бойынша халықаралық күш-жігерді үйлестіруі тиіс.

Форум «Horasis Visions» қауымдастығының жоғары лауазымды мүшелерін біріктірді және 20-дан астам пленарлық отырыс пен панельдік пікірталастарды қамтиды. БҰҰ Бас хатшысы Антониу Гутерриш іс-шарада сөз сөйледі.

«Horasis» орталығы 2005 жылы ынтымақтастық пен білім алмасу үшін әсіресе дамыған елдер мен дамушы нарықтар арасында жаңа платформалар құру арқылы «орнықты болашақ мақсаттарын жүзеге асыру» мақсатында құрылды.

Хабар 24 телеарнасы