432,64 506,00 5.46
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Сенаторлар Жогорку Кенеш депутаттарын сайлауды байқауға қатысады

  • 144
  • UPD: 14:53, 02.10.2020
Сенаторлар Жогорку Кенеш депутаттарын сайлауды байқауға қатысады Сенаттың баспасөз қызметі

Қазақстан Парламенті Сенатының бірқатар депутаттары Қырғыз Республикасы Жогорку Кенеші депутаттарының 2020 жылдың 4 қазанына белгіленген сайлауын байқауға қатысады, деп хабарлайды Сенаттың баспасөз қызметі.

Мұрат Бақтиярұлы ТМД-ға қатысушы мемлекеттер Парламентаралық Ассамблеясы миссиясының байқаушыларының құрамына енді. ҰҚШҰ Парламенттік Ассамблеясының атынан сайлауды байқауға сенатор Бақытжан Жұмағұлов қатысады. Динар Нөкетаева сайлау үдерісін байқау үшін ТүркПА миссиясының құрамында жұмыс істейтін болады.

Сенаторлар сайлауды байқауға сол сайлау күні қатысады, сондай-ақ Қырғызстанның Сайлау және референдум өткізу жөніндегі орталық комиссияның төрағасымен, партиялардың сайлауалды штабының өкілдерімен кездесуді жоспарлап отыр.

Хабар 24 телеарнасы