427,88 501,70 5.49
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Сенат жанынан жас сарапшылар клубы құрылды

  • 129
  • UPD: 20:45, 02.10.2020
Сенат жанынан жас сарапшылар клубы құрылды

Парламент Сенаты жанынан Жас сарапшылар клубы құрылды. Сенат төрағасы Мәулен Әшімбаев жаңа клубтың мүшелерімен кездесті.

Жүздесу барысында Президент Жолдауын іске асыру бойынша алда тұрған басты міндеттер мен Сенат және сарапшылар қауымдастығы арасындағы ынтымақтастық туралы сөз болды. Мәулен Әшімбаев мемлекет пен қоғамның қазіргі кезеңдегі дамуын айқындайтын үрдістерге талдау жасады. Сонымен қатар ол Мемлекет басшысының жаңғырту бағдары мен Жолдауын жүзеге асыру кезінде басшылыққа алатын негізгі 3 қағиданы еске салды. Біріншісі, жүйелілік қағидасы. Екіншісі, стандартты емес шешімдер қағидасы. Үшіншісі, мәселенің мән-маңызына зер салу.

Мәулен Әшімбаев, ҚР Парламенті Сенатының төрағасы:

- 1 қыркүйек күні Парламент ғимаратында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев өз Жолдауында мемлекеттік басқару жүйесін реформалау тақырыбына басымдық берді. Экономика да емес, саясат та емес, мемлекеттік қызметтің маңыздылығы айтылды. Осылайша президент осы арқылы негізгі бағытымызды көрсетіп, саладағы нақты жоспарларға тоқталды.

Хабар 24 телеарнасы