432,64 506,00 5.46
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

«Nur Otan» партиясы Мәжіліс пен мәслихаттарға партиялық тізімге енген көшбасшыларды анықтайды

  • 159
  • UPD: 21:46, 02.10.2020

Дәл қазіргі уақытта праймериздің ең жауапты кезеңі өтіп жатыр. Ертең «Nur Otan» партиясы мәжіліс пен барлық деңгейдегі мәслихаттарға партиялық тізімге енген ең лайықты және беделді көшбасшыларды анықтайды.

Алғаш рет онлайн форматында өткізіліп отырған іріктеуге алматылықтар да белсене атсалысып жатыр. Бір ғана Алатау ауданынан праймеризге 22 үміткер қатысып отыр. Бұл сайлаудың тағы бір ерекшелігі үміткерлердің басым көпшілігі жастар мен әйелдер. 

«Nur Otan» партиясы бақылау комиссиясының төрағасы Қайрат Жұмановтың айтуынша, әрбір кандидаттың бағдарламасында партияның ғана емес елдегі ахуалды жақсарту мақсатында көптеген бастамалар ұсынылған.

Қайрат Жұманов, Nur Otan партиясы Алатау аудандық бақылау комиссиясының төрағасы:

- Байқасаңыздар бұл сайлауда барлық партия мүшелері белсенділік танытуда. Әлеуметтік  желіні ашып қалсаңыз жұрттың бәрі Праймериз туралы айтып та, жазып та жатыр. Біздің Алатау ауданы туралы айтар  болсам үгіт- насихат жұмыстары барысында ешқандай шағым түскен жоқ. Барлық қатысушыларға сәттілік тілеймін. Олар өздерінің алға қойған жоспарларын жүзеге асырады деген сенімдемін.

Хабар 24 телеарнасы