428,68 501,70 5.55
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Праймеризге Ақтөбе облысы бойынша 460 үміткер қатысып жатыр

  • 146
  • UPD: 21:57, 03.10.2020

Олардың арасында қоғам белсенділері, мемлекеттік қызметкерлер, ерікті жастар және көп балалы аналар да бар, деп хабарлайды «Хабар 24».

Кандидаттарды таңдап, дауыс беру үшін 118 орын белгіленген. Көпшілігінде онлайн өтеді. Іріктеу нәтижесінде жеңіске жеткендер түрлі деңгейдегі мәслихаттар мен Мәжіліс депутаты атанады. Қазір партиялық бақылау комитетінің өкілдері дауыс беру үрдісін қадағалап отыр.

Абай Сақтағанов, «Nur Otan» партиясы АОФ партиялық бақылау комитеті төрағасының орынбасары:

- Ереже бұзушылық партияның аясындағы ондай фактілер орын алған жоқ. Негізі праймериз өтіп жатқан сайлауға дейін үш тәулік берілетін болса, келіп жолығып отырған азаматқа жауабын беріп, шешім қабылдайтын болсақ, ал мына дауыс беру уақытында 1-3 аралығында біз бір-екі сағаттың ішінде шешімін тауып, соған қосылып, оның оң нәтиже беруіне мүмкіндік жасауымыз керек.

Хабар 24 телеарнасы