428,50 501,70 5.49
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Бүгін әлем жануарларды қорғау күнін атап өтуде

  • 129
  • UPD: 13:47, 04.10.2020
Бүгін әлем жануарларды қорғау күнін атап өтуде

Бүгін әлем жануарларды қорғау күнін атап өтуде. Бұл туралы Экология, геология және табиғи ресурстар министрі Мағзұм Мырзағалиев твиттерде жазды.

«Бүгін бүкіл әлемде жануарларды қорғау күні аталып өтілуде. Бұл күні табиғатты қорғаушылар жануарларлардың адам алдында қаншалықты қорғансыз екенін еске салады. Өкінішке қарай, жануарларға жасалатын қатыгездік, браконьерлік оқиғаларына жиі куә боламыз....

Жағдайды өзгерту үшін Мемлекет басшысы  Қасым-Жомарт Тоқаев Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігіне «Жануарларға жауапкершілікпен қарау туралы» заң  жобасын әзірлеуді тапсырды

Әрине заң жануарларға деген көзқарасты бір сәтте өзгерте салмайды. Бәрінен бұрын адамдарға жануарлар әлеміне деген махаббат, ізгілік сезімдерін ұялатып, қоршаған ортаны саналы түрде қабылдауға үйрету керек» деді министр.

Хабар 24 телеарнасы