432,64 506,00 5.46
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Қырғызстанмен арадағы көші-қон саласын реттейтін заң әзірленеді

  • 85
  • UPD: 12:02, 07.10.2020
Қырғызстанмен арадағы көші-қон саласын реттейтін заң әзірленеді

Қазақстан мен Қырғыз Республикасының арасындағы көші-қон саласын реттеуді көздейтін заң жобасы әзірленетін болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Қазақстан мен Қырғыз Республикасы Үкіметі арасындағы көші-қон саласындағы ынтымақтастық туралы келісім 2019 жылы 27 қарашада Бішкек қаласында жасалды. Келісім көші-қон процестерін реттеуді, қос азаматтық фактілерінің жолын кесуді, заңсыз көші-қонға қарсы күресті ұйымдастыруды көздейді. Келісімді ратификациялау екі елдің көші-қон саласындағы ынтымақтастығының тиімділігін арттырады», - деді заң жобасы жөнінде Заңнама және сот-құқықтық реформа комитетінің төрағасы Қанат Мусин Парламент Мәжілісінің жалпы отырысында.

Айтуынша, комитет аталған заң жобасын жұмысқа алуға және ол бойынша 2022 жылғы 25 мамырға дейін қорытынды әзірлеуге дайын.

Хабар 24 телеарнасы