432,64 506,00 5.46
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

«Nur Otan» партиясы сайлауалды партиялық тізімдерді жасап жатыр

  • 117
  • UPD: 23:37, 07.10.2020

«Нұр Отан» мәжіліс пен мәслихаттарға арналған сайлауалды партиялық тізім құрып жатыр, деп хабарлайды «Хабар 24».

Квотаның 30 проценті әйелдерге, 20 проценті 35 жасқа дейінгі жастарға беріледі. Праймеризде ақпараттық жүйеде тіркелген партия мүшелерінің 662 мыңнан астамы дауыс берген. Бұл – 84,2 процент. Primaries.kz порталында қатысушылардың жалпы рейтингі жарияланған. Сондай-ақ конференцияларда сайлаушы-делегаттар жасырын рейтингтік дауыс беру жолымен өңірлік мәслихаттар мен мәжіліске арналған партиялық тізімдерге үміткерлерді сайлайды. Кандидаттар алдағы пікірсайыстарда тағы да бақ сынайды. Облыстық мәслихаттарға партиялық тізімдер тиісті конференцияларда, ал, Мәжіліске арналған қорытынды тізім партияның съезінде бекітіледі.

Нұрсұлтан Назарбаев, Nur Otan партиясының төрағасы, Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті:

– 30 жыл ішінде партиямыз көп жұмыс істеді. Біз айтып жүрген табыстарымыздың барлығы партиямыздың саяси басшылығының арқасында жүргізілген. Халықтың сенімі зор болды. Біз мемлекетіміздің берік негізін қалыптастырып, қоғамның біртұтастығын қамтамасыз еттік. Оған да біздің партиямыз үлкен үлес қосты.

Хабар 24 телеарнасы