428,68 501,70 5.52
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Қазақстан мен Украина арасындағы қылмыстық істер бойынша құқықтық көмек туралы шарт ратификацияланды

  • 130
  • UPD: 14:27, 08.10.2020
Қазақстан мен Украина арасындағы қылмыстық істер бойынша құқықтық көмек туралы шарт ратификацияланды Сенаттың баспасөз қызметі

Сенат төрағасы Мәулен Әшімбаевтың төрағалық етуімен Палата отырысы болды.

Сенат депутаттары «Қазақстан Республикасы мен Украина арасындағы қылмыстық істер бойынша құқықтық көмек туралы шартты ратификациялау туралы» заңды қабылдады.

«Украина - Қазақстанның маңызды серіктестерінің бірі. Екі ел арасындағы қарым-қатынас өзара ынтымақтастыққа және достыққа негізделген. Біздің елдеріміздің мәдени-гуманитарлық байланысы да дәйекті түрде дамып келеді. Алдағы уақытта өзара қарым-қатынасты одан әрі нығайтуға екі мемлекет те мүдделі. Осы тұрғыдан келгенде, бүгін қабылданып отырған заң құқық қорғау саласы бойынша ынтымақтастықты арттыруға мүмкіндік береді деп сенеміз», - деді Сенат Төрағасы.

Шартта қылмыстық істер бойынша құқықтық көмек рәсімдері, сұрау салудың нысаны мен мазмұны, беру шарттары, көмек көрсетуден бас тарту үшін негіздер жазылған.

«Шартты ратификациялау күдіктілер мен айыпталушылардың қылмыс жасаудағы кінәсін дәлелдеуге бағытталған іс-әрекеттерді кешенді жүргізуге ықпал ететін болады, сондай-ақ Қазақстан мен Украинаның құзыретті органдарының тікелей өзара іс-қимыл жасауға өкілеттік береді», - деді сенатор Нұрлан Бекназаров.

Осы шартты ратификациялау Украина тарапымен қылмыстық-құқықтық саладағы екіжақты шарттардың толық топтамасын жасақтауды аяқтады.

Ақпарат көзі: ҚР Парламенті Сенатының баспасөз қызметі

Хабар 24 телеарнасы