430,51 507,70 5.56
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Қ.Тоқаев: Елдер арасындағы кикілжіңді БҰҰ жарғысына сүйене шешу керек

  • 190
  • UPD: 15:38, 08.10.2020

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев кешенді бітімгершілік оқу-жаттығуларын көру үшін Алматы облысына барды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Президент мұнда әскери даярлық оқу орталығының қызметімен танысты. Бітімгершілік операцияларды пысықтау оқу-жаттығуларының белсенді кезеңін бақылады. Ізінше, әскери қызметкерлердің алдында сөз сөйледі. Қасым-Жомарт Тоқаев қазір әлемде дінаралық және ұлтаралық қақтығыстар әлі де орын алып жатқанын айтты. «Ондай кикілжіңді реттеу кезінде Біріккен ұлттар ұйымының жарғысын негізге алған дұрыс», - деді.

Қасым-Жомарт Тоқаев, ҚР Президенті – Қазақстан Қарулы күштерінің Жоғарғы бас қолбасшысы:

- Кейбір елдер әлі күнге дейін бір тоқтамға келе алмай жатыр. Ымыраның жоқтығынан әлгіндей аймақтарда қақтығыстар орын алады. Мұндай кикілжің көбіне бодандық бұғауынан босап, егемендігін енді алып жатқан елдердің арасында жиі болып тұратын. Мұндай мәселелерді Біріккен ұлттар ұйымының жарғысына сүйене отырып шешу керек. Әрбір мемлекет шекара тұтастығын сақтауға мүдделі. Сондай-ақ ұлттардың дербес шешім қабылдауына да мүмкіндік берілуі керек. Сол үшін Біріккен ұлттар ұйымы Қауіпсіздік кеңесі мен Бас ассамблеясы резолюциясын негізге алған дұрыс.

Хабар 24 телеарнасы