427,93 501,70 5.55
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Еліміздің Сыртқы істер министрі Globsec халықаралық форумына қатысты

  • 141
  • UPD: 15:48, 08.10.2020

Словакия астанасында дәстүрлі Globsec халықаралық форумы өтті, деп хабарлайды «Хабар 24».

Әлемнің түкпір-түкпірінен жиналған ауқымды жинға Қазақстан Сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеуберді қатысты. Коронавирус індеті таралған жағдайда өткен кездесуде түрлі  мәселелр талқыланды.

Әлемде стратегиялаық мәселелер бойынша жетекші конференцияның бірі саналатын Globsec форумы 15-рет өтіп отыр. Биыл ауқымды жиын «Әлемді бірге емдейік» тақырыбында ұйымдастырылды. Басқосуда індеттен кейінгі әлемдік экономика, саясат және халықаралық ұйымдардың келешегі талқыланды. Еуроодақ пен Орталық және Шығыс Еуропа елдерінің дамуы, цифрландыру және демократия мәселелері қарастырылды.

Зузана Чапутова, Словакия президенті:

- Дағдарыс біздің олқы тұстарымызды көрсетті. Қазіргідей жағдайда заңдар азаматтарды қорғауға, ал мемлекеттік органдар халыққа жан-жақты көмек беріп, қолдауға қажеттігін дәлелдеді. Бірақ дағдарыс бізді жігерлендіріп, жаңа мүмкіндіктер ашты. Біз індетті жеңіп, жаңа белестерге жетуге күш салуымыз керек.

Форумға Словакия Сыртқы істер министрі Иван Корчоктың арнайы шақырумен еліміздің Сыртқы саясат басшысы Мұхтар Тілеуберді барды. Министр «Әлемді дефрагментациялау: тығыз ынтымақтастыққа негізделген болашақтың көрінісі» атты пікірталасқа қатысты. Мұхтар Тілеуберді әлемнің көптеген түйіткілді мәселемен бетпе-бет тұрғанын атап өтіп, жетекші елдер мен ұйымдар арасында өзара ықпалдастықтың маңыздылығына назар аударды.

Мұхтар Тілеуберді, Қазақстан Сыртқы істер министрі:

- Коронавирус індеті әлемдегі халықаралық қарым-қатынасқа көп өзгеріс әкелді. Әлемде шешілмеген қақтығыстар шиеленісіп, әлеуметтік-экономикалық және технологиялық дамудағы алшақтық өсті. Қазақстан өзара түсіністік пен құрметке негізделген барлық деңгейдегі сенімді диалогты қолдайды. Қазір әлемдік қоғамдастыққа мемлекеттер мен халықтар арасындағы өзара қарым-қатынастардың сапалы жаңа моделі қажет.

Қазақстан сыртқы саясат басшысы осы ретте Орталық Азиядағы ынтымақтастықтың оң үрдістерін өңірлік деңгейдегі жемісті диалогтың мысалы ретінде атап өтті. Форумға қатысушылар Қазақстандағы демократиялық институттардың қарышты даму тәжірибесіне оң бағасын берді.

Авторлары: Дәурен Ақашұлы, Зәуреш Байгелова

Хабар 24 телеарнасы