427,88 501,70 5.49
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Қырғызстанның Ереванда өтетін ЕАЭО кездесуіне қатысуы белгісіз болып отыр

  • 68
  • UPD: 18:16, 08.10.2020

Ертең Ереванда Еуразиялық үкіметаралық Кеңесінің мәжілісі өтеді. Кездесуге Қазақстан, Армения, Беларусь және Ресей үкімет басшылары қатысады. 

Қырғызстанға қатысты жағдай әлі белгісіз. Премьер-министрлер басқосуында эпидемиологиялық ахуал және Одақ ішінде жолаушы тасымалын қайта бастауды талқыға салмақ. Еуразиялық экономикалық комиссиясы коллегия төрағасының көмекшісі Ия Малкинның мәлімдеуінше, пандемияға қарамастан Одаққа мүше елдерде азық-түлікке қатысты ахуал тұрақты. Биылғы жылдың 8 айында Одақта ауыл шаруашылық өндірісі 4,6 процентке артқан.

Ия Малкина, ЕЭК коллегия төрағасының көмекшісі:

- Негізгі талқыланатын тақырыптар: эпидемиологиялық ахуал және Одақ ішінде жолаушы тасымалын қайта бастау мәселесі болмақ. Бұл өте өзекті, барлық ел мен азаматтар нақты шешімді күтіп отыр. Тараптар арадағы жүріс-тұрысты қауіпсіз жолмен қалпына келу туралы келісімге келеді деп үміттенеміз.

Хабар 24 телеарнасы