429,38 501,70 5.60
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


СІМ Қырғызстандағы қазақстандық кәсіпорындар туралы мәлімдеме жасады

  • 77
  • UPD: 23:04, 08.10.2020

Еліміздің Сыртқы істер министрлігі Қырғызстандағы қазақстандық кәсіпорындардың жағдайына қатысты мәлімдеме жасады.

«Қазақстандық инвесторларға тиесілі бірқатар кәсіпорынға жасалған шабуылдар мен оларды басып алу әрекеттеріне байланысты үлкен алаңдаушылық білдіреміз. Қазақстан Республикасының азаматтары болып табылатын қызметкерлерге күш жұмсау және осы кәсіпорындардың мүлкін жою туралы қауіп-қатер фактілері ерекше алаңдатады. Қазақстандық компаниялар соңғы жылдары Қырғызстан экономикасына 1 млрд АҚШ долларынан астам инвестиция құйып, көрші елдің әлеуметтік-экономикалық дамуына елеулі үлес қосты. Қырғыз тарапын Қазақстан азаматтарының да, Қырғызстан аумағындағы қазақстандық компаниялардың да қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша дереу шаралар қабылдауға шақырамыз» делінген мәлімдемеде.

Хабар 24 телеарнасы