429,59 501,70 5.61
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Мұхтар Тілеуберді словакиялық әріптесімен кездесті

  • 121
  • UPD: 02:32, 12.10.2020

Қазақстан Сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеуберді «Globsec» халықаралық форумы аясында Словакияның сыртқы және еуропалық істер министрі Иван Корчок және қорғаныс министрі Ярослав Надьпен кездесті.

Олар бірқатар мәселелерді талқылап, атқарылатын жұмыстарын саралады. Соның бірі қазақстандық бітімгерлерді даярлау саласында тәжірибе алмасу, олардың БҰҰ аясында бітімгершілік операцияларына қатысу мәселелері. Тараптар бір-бірін қару-жарақ пен әскери техника көрмелері – IDEB 2021 және KADEX 2021-ге қатысуға шақырды. Олар Братислава мен Нұр-Сұлтан қаласында өтеді.

Осы орайда Словакия кәсіпкерлері Қазақстанның инвестициялық мүмкіндіктерімен танысты. Бүгінгі таңда қазақстандық нарықта словак капиталының қатысуымен 40-тан астам кәсіпорын жұмыс істейді.

Сапар барысында ынтымақтастық туралы бірқатар меморандумдарға қол қойылды. Оның ішінде су және орман шаруашылығы мен туризм саласына қатысты уағдаластық бар.

Хабар 24 телеарнасы