427,93 501,70 5.55
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Саясаттанушылар праймериз қорытындысын талқылады

  • 110
  • UPD: 15:42, 09.10.2020
Саясаттанушылар праймериз қорытындысын талқылады

Белгілі саясаттанушылар, Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің және талдау орталықтарының мүшелері «Nur Otan» партиясы өткізген праймериздің қорытындысын талқылады.

Жиынға Президент жанындағы Қазақстан стратегиялық зерттеулер институты ұйытқы болды. Қатысушылар партияішілік іріктеудің еліміздегі саяси мәдениетті дамытудағы, азаматтық белсенділікті арттырудағы маңызына тоқталды. Сондай-ақ праймериздің науқандық сипатқа ғана ие болмауын қадағалап, саяси аламанға қатысқан үміткерлердің партияда қалу жағын да атап өтті.

«Оларды қоғамдық кеңестердегі жұмысқа тартып, кадрлық резервке қосу керек», – деді саясаттанушылар.

Хабар 24 телеарнасы