430,51 507,70 5.56
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Анар Жайылғанова БҰҰ Даму бағдарламасының тұрақты өкілімен онлайн кездесу өткізді

  • 138
  • UPD: 21:42, 09.10.2020
Анар Жайылғанова БҰҰ Даму бағдарламасының тұрақты өкілімен онлайн кездесу өткізді

Бүгін ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің төрағасы Анар Жаилғанова БҰҰ Даму бағдарламасының Қазақстандағы тұрақты өкілі Якуп Бериш мырзамен онлайн-кездесу өткізді.

Анар Жаилғанова БҰҰ Даму бағдарламасымен ынтымақтастық ведомство қызметінің маңызды құрамдас бөлігі болып табылатынын атап өтіп, агенттіктің бастамаларын қолдағаны үшін алғысын білдірді.

«БҰҰДБ қолдауымен биыл мемлекеттік қызмет көрсету сапасын қоғамдық мониторингілеу, мемлекеттік қызметті этикаландырудың халықаралық стандарттарын ескере отырып, жаңа Әдеп кодексінің тұжырымдамасын әзірлеу, iQyzmet платформасының пилоттық нұсқасын әзірлеу және басқа да жобалар іске асырылуда», - деп атап өтті агенттік төрағасы.

Агенттік басшылығымен жыл сайынғы кездесулерді назарға ала отырып, БҰҰ ДБ-ның Қазақстандағы тұрақты өкілі Якуп Бериш Анар Жайылғановаға жоғары сенім мен әріптестікке негізделген ынтымақтастығы үшін алғыс айтып, агенттіктің өткен жылғы қызметінің негізгі бағыттарын іске асырудағы жетістіктерін атап өтті.

Сонымен қатар, Якуп Бериш пандемия кезінде Қазақстанның мемлекеттік аппаратының сауатты және тиімді жұмысын тілге тиек етті.

Сондай-ақ ол қазіргі уақытта мемлекеттік қызметтерді көрсету сапасына, рәсімдеріне және қолжетімділігіне қызмет алушылардың қанағаттану деңгейіне қоғамдық мониторинг жүргізіліп жатқанын хабарлады.

Әлеуметтік зерттеу нәтижесінде барлық мемлекеттік органдар мен «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы көрсететін 70 мемлекеттік қызметтің сапасы мен қолжетімділігіне қатысты 9000 респондентпен сауалнама өткізілетін болады, оның нәтижелері 2020 жылғы желтоқсанда жарияланады.

Сондай-ақ, БҰҰДБ өкілі мемлекеттік қызметшілердің әдептілік деңгейін анықтау бойынша 7000 респондент арасындағы әлеуметтік сауалнама туралы айтып берді.

Зерттеу нәтижесінде халықтың, кәсіпкерлердің және сараптамалық қоғамдастық өкілдерінің мемлекеттік қызметшілердің әдептілік деңгейін, оның ішінде халық пен кәсіпкерлердің мемлекеттік қызметшілердің қызметтік және қызметтен тыс уақыттағы мінез-құлқына қанағаттанушылығын қабылдауы айқындалады.

Өз кезегінде агенттік дүниежүзілік банктің қолдауымен COVID-19 режимінде жұмыс істеу бойынша мемлекеттік қызметшілерге сауалнама жүргізді. Қазақстан бойынша 32 мыңнан астам мемлекеттік қызметші сауалнамадан өтті. Сауалнама нәтижелерін талдау тиісті ұсыныстарды әзірлеуге қызмет етеді.

Тараптар сондай-ақ БҰҰДБ қолдауымен іске асырылып жатқан iQyzmet кадрлық процестерін автоматтандыру бойынша жобаны талқылады, бұл олардың тиімділігін айтарлықтай арттыруға бағытталған.

Осыған байланысты БҰҰДБ өкілі мұндай жобалар пандемияның теріс салдарын азайту әлеуетін нығайту жөніндегі ұйымның басымдықтарымен сәйкес келетінін атап өтті.

Кездесу қорытындысы бойынша агенттік төрағасы мен БҰҰДБ тұрақты өкілі мемлекеттік қызметті жетілдіру және Қазақстанда мемлекеттік қызмет көрсету сапасын бақылау мәселелері бойынша, әсіресе, пандемия жағдайында мемлекеттік аппаратты қолдау шараларын әзірлеуде одан әрі тығыз ынтымақтастыққа дайын екендіктерін білдірді.

 

Хабар 24 телеарнасы