432,64 506,00 5.46
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Бейжіңде ҚР мемлекеттік наградалары табыс етілді

  • 83
  • UPD: 09:15, 10.10.2020

Қытайда II дәрежелі «Достық» ордені табысталды. Қазақстан Президентінің қаулысымен мемлекеттік награда елдің мәдениет қайраткері Ха Хуаньчжан және Әкбар Мәжитұлына берілді.

Марапат иелері екі ел арасындағы достық қарым-қатынастың нығаюына үлес қосып, Абай Құнанбайұлының мұраларын насихаттауда еңбек сіңірген.  Профессор Ха Хуаньчжан ұлы ақынның шығармаларын 1950 жылдардан бастап аудара бастаған. Ол Қытай тілінде қазақ кемеңгерінің қара сөздерін, өлеңдері мен поэмаларын сөйлеткен. Зерттеуші Абай шығармалары әлі де сұраныста әрі өзекті екенін айтады. Қазіргі таңда Ха Хуаньчжанның жұмысын жазушы Әкбар Мәжитұлы жалғастырып жүр.

Ха Хуаньчжан Қытай аудармашылар қауымдастығының аға аудармашысы:

- Абай өзінің ойларын, философиялық идеяларын, білім саласына қатысты пікрін өлеңдерімен жеткізген тұлға. Сол үшін де оны «поэзияның әулиесі» деп атайды. Абайдың феноменін бір ғасырда зерттеп білу мүмкін емес. Сондықтан болашақ ұрпақ Ұлы кемеңгердің туындыларын аударып, зерттеу жұмыстарын жалғастырады деп сенемін. 

Әкбар Мәжитұлы, Қытай жазушылар одағының мүшесі:

- Қытайдағы халық оқырмандар Абайдың шығармасын, Абайдың ой-түйінін, Абайдың өлеңдерін біздің аударма арқылы оқып, түсініп, танысып біле алады. Ал енді бұл марапатталу меніңше, жеке менің өзімнің басыма ғана келген қуаныш емес, бұл қытай мен қазақ халықтары арасындағы достық, мәдениет ынтымақтастығының белгісі деп ойлаймын.

Хабар 24 телеарнасы