432,64 506,00 5.46
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Қанат Мусин Nur Otan-ның Құқықтық кеңесінің төрағасы болды

  • 120
  • UPD: 12:23, 13.10.2020
Қанат Мусин Nur Otan-ның Құқықтық кеңесінің төрағасы болды

Nur Otan фракциясының депутаты, ҚР Парламенті Мәжілісінің Заңнама және сот-құқықтық реформа комитетінің төрағасы Қанат Мусин Саяси кеңес Бюросының шешімімен партияның Құқықтық кеңесінің төрағасы болып тағайындалды.

Бұл туралы партия төрағасы Бауыржан Байбек twitter парақшасында жазды.

«Сенат төрағасының орынбасары болып сайланған Құқықтық кеңестің алдыңғы төрағасы Нұрлан Әбдіровке партия басшылығы атынан алғыс айтамын», - деді.

Хабар 24 телеарнасы