428,77 501,70 5.55
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Бангладештің Қазақстандағы Елшісі өз миссиясын аяқтады

  • 53
Бангладештің Қазақстандағы Елшісі өз миссиясын аяқтады

ҚР Сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеуберді Бангладеш Халық Республикасының Қазақстан Республикасындағы Елшісі қызметін қоса атқарушы Мосуд Маннанмен оның миссиясының аяқталуына орай бейне конференция форматында кездесу өткізді.

Сұхбат барысында тараптар соңғы жылдары қол жеткізілген саяси ынтымақтастықтың жоғары деңгейін, сондай-ақ екіжақты сауда-экономикалық және гуманитарлық ынтымақтастықтың көкжиектерін атап өтті.

Сонымен бірге Қазақстан мен Бангладештің БҰҰ, ИЫҰ, АӨСШК және т.б. халықаралық және өңірлік ұйымдар шеңберіндегі белсенді ықпалдастықты жалғастырудың маңыздылығы атап өтілді.

Бангладеш Елшісі оның ағымдағы дипломатиялық миссиясы барысында ықпалдастық пен қолдау көрсеткені үшін Қазақстан тарапына алғысын білдірді.

Қазақстан СІМ басшысы өз кезегінде Бангладеш тарапына, соның ішінде М.Мананнға екі ел арасындағы ынтымақтастықты нығайтуға бағытталған белсенді жұмысы үшін алғыс білдірді.

Хабар 24 телеарнасы