432,64 506,00 5.46
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Қ.Тоқаев Қырғызстандағы жағдайға пікір білдірді

  • 140
Қ.Тоқаев Қырғызстандағы жағдайға пікір білдірді

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Қырғыз еліндегі жағдайдың біртіндеп конституциялық жолға қайтқанына қуанышты екенін хабарлады.

Бұл туралы Мемлекет басшысы өзінің твиттердегі парақшасында жазды.

«Президент Сооронбай Жээнбеков – мемлекеттің легитимді басшысы. Сондықтан оның қақтығыстарды тоқтатып, елдегі ахуалды қалыпқа келтіруге бағытталған әрекеттерін қолдаймын. Қазақстан үшін Қырғызстандағы тұрақтылық стратегиялық серіктес әрі одақтас ретінде маңызды. Біз барлық саяси күштерді қақтығыстардың алғашқы сәтінен-ақ сабырға шақырдық», - деді Мемлекет басшысы.

Хабар 24 телеарнасы