429,38 501,70 5.60
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Н.Нығматулин: Жаңа нормалар азаматтардың әлеуметтік жағдайын сақтауға мүмкіндік береді

  • 117
  • UPD: 14:23, 14.10.2020
Н.Нығматулин: Жаңа нормалар азаматтардың әлеуметтік жағдайын сақтауға мүмкіндік береді Мәжіліс баспасөз қызметі

Бүгін Мәжіліс Спикері Нұрлан Нығматулиннің төрағалымен жалпы отырыс өтті.

Онда депутаттардың бастамасымен әзірленген қарыздық еңбекті реттеуге қатысты заң жобасы бірінші оқылымда мақұлданды. Құжат қарыздық еңбек саласында еңбек етуші азаматтарды әлеуметтік қорғауға, сондай-ақ жұмыс берушілер тарапынан олардың еңбек үшін сыйақы алу құқығы сақталуын, еңбек жағдайларын қауіпсіздік және гигиена талаптарына сәйкес қамтамасыз етуге бағытталған.

Заң жобасын талқылау барысында Мәжіліс төрағасы Нұрлан Нығматулин:

- Қай кезеңде де еңбек мәселесі өте маңызды. Сондықтан бұл саланы әрқашанда заң деңгейінде қорғау үшін дер кезінде нақты қадамдар жасалып келеді. Соның бірі бүгінгі біз мақұлдаған заң жобасы. Осы құжатта қарыздық еңбекті реттеу деген нормалар енгізілді. Бұл азаматтарды жұмыспен қамту және олардың әлеуметтік жағдайын сақтау жолында тағы бір жаңа мүмкіндік деуге болады, - деді.

Сонымен қатар осы Еңбек кодексінде қабылдаушы және жіберуші тараптар жұмыскерінің құқықтары мен міндеттері ескерілген. Мәселен, қабылдаушы тарап жұмыскерлерінің негізгі жалақысынан төмен емес жалақы мөлшерін реттейтін нормалармен толықтыру ұсынылған.

Сондай-ақ қарыздық жұмыскердің еңбек қызметі уақытындағы жазатайым оқиғалар кезіндегі тергеп-тексеру тәртібін және персоналды беру жөніндегі қызметтерді көрсету бойынша қызметті жүзеге асыру тәртібін реттейтін нормалар қарастырылған.

Хабар 24 телеарнасы