428,68 501,70 5.55
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


ҚР мен Люксембург қосарланған салық салуды болдырмау туралы заңға енгізілген өзгерісті ратификациялады

  • 95
  • UPD: 18:00, 14.10.2020
ҚР мен Люксембург қосарланған салық салуды болдырмау туралы заңға енгізілген өзгерісті ратификациялады

Мемлекет басшысы «2012 жылғы 3 мамырда Люксембургте қол қойылған Хаттамамен енгізілген өзгерістерді ескере отырып, 2008 жылғы 26 маусымда Астанада қол қойылған Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Люксембург Ұлы Герцогтігінің Үкіметі арасындағы Табыс пен капиталға салынатын салықтарға қатысты қосарланған салық салуды болдырмау және салық салудан жалтаруға жол бермеу туралы конвенцияға толықтыру енгізу туралы хаттаманы ратификациялау туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды.

Заңның мәтіні баспасөзде жарияланады.

Хабар 24 телеарнасы