428,68 501,70 5.52
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Қазақстан мен Түркия ауыл шаруашылығы саласындағы ынтымақтастықты дамытпақ

  • 171
  • UPD: 18:58, 15.10.2020

Қазақстан мен Түркия ауыл шаруашылығы саласындағы ынтымақтастықты нығайтуға ниетті, деп хабарлайды «Хабар 24».

Әсіресе, ауыл шаруашылығы шикізатын қайта өңдеу, сапалы және қолжетімді азық-түлік өнімдерін өндіру саласымен, мал және аң шаруашылығына арналған әлеуетті компаниялармен бірлескен кәсіпорын құруға мүдделі. Бұл туралы Ауыл шаруашылығы министрінің Анкараға жасаған сапары барысында белгілі болды. Ведомство басшысы Сапархан Омаров елдің Ауыл шаруашылығы және орман министрі Бекир Пакдемирлимен кездесіп, екіжақты әріптестікті одан әрі арттыру жолдарын талқыға салып, түріктің жетекші агроөнеркәсіптік кәсіпорын басшыларымен кездесті. Түркиядағы елшілігіміздің ұйытқысымен өткен іс-шарада еліміздің инвестициялық мүмкіндіктері мен ауыл шаруашылығы саласындағы басым бағыттары мен Қазақстанның тиімді географиялық орналасуы арқылы бірлескен жобаларды іске асырудың артықшылықтары атап өтілді.

Сапархан Омаров, Қазақстан Ауыл шаруашылығы министрі:

- Қазақстанның аграрлық секторы – елдің азық-түлік қауіпсіздігін ғана емес, оның әлеуметтік-саяси тұрақтылығын да қамтамасыз ететін, экономиканың ең перспективалы және жылдам дамып келе жатқан секторларының бірі. Өйткені бүгінде ел халқының 42%-і ауылдық жерлерде тұрады. Түрік кәсіпкерлерін ауыл шаруашылығы мен өңдеу саласындағы бірлескен жобаларды іске асыру үшін ынтымақтастық орнатуға шақырғым келеді.

Файк Явуз, Түркия Палаталар және биржалар одағы басқарма кеңесі мүшесі:

- Қазақстандағы бірқатар салаға инвестиция салдық. Әсіресе, құрылыс саласында сәтті жобаларды жүзеге асырып келеміз. Тап осылай ауыл шаруашылығы саласындағы ынтымақтастық көкжиегін кеңейтуіміз қажет. COVID-19 эпидемиясы, азық- түлік пен ауыл шаруашылығының маңызды әрі стратегиялық бағыт екенін тағы бір рет көрсетті. Сол себепті қазіргі басқосудың маңызы өте зор. 

Хабар 24 телеарнасы