428,68 501,70 5.55
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Қазақстан мен Ресей арасындағы әскери ынтымақтастық туралы шарт жаңартылды

  • 164
  • UPD: 21:52, 16.10.2020

Оған бүгін екі елдің Қорғаныс министрлері қол қойды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Шартта кадр дайындау, қару-жарақ пен техника мәселесі және бірлескен оқу-жаттығулар өткізу ережелері қаралған. Сондай-ақ халықаралық ұйымдар арасындағы өзара іс-қимыл, бітімгершілік қызметі мен өңірлік қауіпсіздік қатерлеріне қарсы тұру шаралары көрсетілген. Осы шарттың ережелерін дамыту мақсатында 3 жылға арналған әскери стратегиялық серіктестік бағдарламасы әзірленеді. Онда әр жылдың жоспары нақтыланады. Бүгінгі кездесу кезінде елдің қорғаныс министрі Нұрлан Ермекбаев ресейлік әріптесі Сергей Шойгуға биыл жаз маусымында медициналық жабдықтар жеткізуде көрсеткен көмегі үшін алғысын білдірді. Сондай-ақ былтырғымен салыстырғанда биылғы оқу жылында Ресей қазақстандық әскерилерді оқытуға көп квота бөлген.

Хабар 24 телеарнасы