422.40 509.00 5.60
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Асқар Мамин Қазақстандағы санитарлық-эпидемиологиялық ахуалға қатысты бірқатар тапсырма берді

  • 163
Асқар Мамин Қазақстандағы санитарлық-эпидемиологиялық ахуалға қатысты бірқатар тапсырма берді

ҚР Премьер-Министрі Асқар Маминнің төрағалығымен ҚР аумағында коронавирус инфекциясының таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссияның (ВАК) селекторлық отырысы өтті.

ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасына сәйкес COVID-19-бен күресудің қосымша шаралары қаралды.

Еліміздегі санитарлық-эпидемиологиялық ахуал туралы денсаулық сақтау министрі А. Цой, зертханалық қызметтер мен жеке қорғану құралдарының баға саясатына мониторинг жүргізу жұмысы туралы Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің төрағасы С. Жұманғарин, санитарлық талаптардың сақталуын бақылау туралы ішкі істер министрі Е. Тұрғымбаев, ақпараттық-түсіндіру жұмысы туралы ақпарат және қоғамдық даму министрі А. Балаева, өңірлердегі ахуал туралы Солтүстік Қазақстан облысының әкімі Қ. Ақсақалов пен Павлодар облысының әкімі Ә. Сқақов баяндады. Қазақстанда биылғы 18 қазандағы жағдай бойынша коронавирусты жұқтырған 102 адам тіркелді (өсу қарқыны – 0,09%), жұқпалы ауруларға арналған төсек-орындардың 16%-іпайдаланылуда.

2020 жылғы 14-18 қазан аралығындағы репродуктивтілік көрсеткіші 1,03%-тен 0,96%-ке дейін төмендеді. Соңғы 3 аптада елімізде 17 мыңға жуық рейд жүргізіліп, 7 мыңнан астам карантин режимін бұзу фактісі анықталды. Үкімет басшысы тұрғындардың әлі күнге дейін коронавирустың қаупінен толық сақтанбайтынын, әлеуметтік ара қашықтықты сақтау режимі мен әсіресе, қоғамдық орындар мен көліктерде міндетті түрде маска тағу мәселесінде санитарлық талаптардың жеткілікті сақталмайтынын атап өтті. Осыған байланысты Үкімет басшысы азаматтар арасында ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жандандыруды және санитарлық талаптардың сақталуын бақылауды күшейтуді тапсырды.

ВАК бірқатар шешім қабылдады:

І Шекарадан өткізу пункттерінде санитарлық-эпидемиологиялық бақылауды күшейту

  • 2020 жылы 26 қазаннан бастап шет елдердегі эпидемиологиялық ахуалды ескерумен шетелге ұшатын әуе рейстерінің санын қысқарту;
  • Қазақстан аумағына келгендердің барлығын (соның ішінде ҚР азаматтарын), сондай-ақ екіжақты халықаралық тасымалдарды жүзеге асыратын жүргізушілерді міндетті ПТР-тестілеуден өткізу;
  • шетелден келушілерге, оның ішінде ҚР азаматтары үшін де ПТР тестіден өткені туралы анықтаманың жарамды мерзімін 3 күнге дейін белгілеу.

II ПТР-тестілеу

2020 жылғы 19 қазаннан бастап ҚР көптеген өңірлік зертханаларында ПТР-тестілеу құны 9 мың теңгеге дейін төмендетілді.

III Сырқаттанушылық өсімі болмаған жағдайда, «жасыл» тұрақты эпидемиологиялық ахуалы бар өңірлерде бизнес субъектілерінің қызметін кезең-кезеңмен қайта жандандыру

2020 жылғы 24 қазаннан бастап сенбі күндері сағат 17:00-ге дейін СОСО, сауда үйлері, жабық базарлар жұмыс істей бастайды. Биылғы 26 қазаннан бастап кинотеатрлар қашықтықты және маска тағу режимін сақтай отырып, 30%-тен аспайтын толығумен жұмысын қайта бастайды.

IV Шектеу шараларын сақтау

Мектепке дейінгі балалар мекемелерінің, бильярд және компьютер клубтарының, ойын-сауық мекемелерінің, банкет залдарының, түнгі клубтардың қызметіне салынған тыйым сақталады. Облысаралық жолаушылар тасымалдарына және ортақ вагондарды құруға тыйым салу жалғасады.

Хабар 24 телеарнасы