423.87 509.00 5.59
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Әл-Фараби атындағы мемлекеттік сыйлықты беру жөніндегі комиссияның отырысы өтті

  • 94
  • UPD: 21:37, 20.10.2020

Әл-Фараби атындағы ғылым мен техника саласындағы мемлекеттік сыйлықты алуға 6 үміткер өтініш білдірді.

Олардың үшеуі ғана қатаң іріктеуден өтті. Бүгін мемлекеттік хатшы Қырымбек Көшербаевтың төрағалығымен өткен комиссия отырысында ғалымдардың есімдері белгілі болды. Алдағы уақытта ел Президенті Жарлығының жобасы әзірленіп, жеңімпаздар марапатталатын болады. Бұл сыйлық ғылым мен техника саласы мамандарының ел алдындағы еңбегін танып, бағалауға бағытталған. Марапат 2015 жылдан бері табысталып келеді.

 

 

 

Хабар 24 телеарнасы