422.87 509.00 5.60
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Коммунистер партиясы Мәжіліс сайлауына қатысады

  • 121
  • UPD: 16:09, 21.10.2020

Қазақстанның коммунистік халық партиясы да Парламент Мәжілісінің сайлауына қатысады, деп хабарлайды «Хабар 24».

Бұл туралы «Халық коммунистері» фракциясының басшысы Айқын Қоңыров хабарлады. Оның айтуынша, дәстүрлі идеологиялық тұғырнама қаз-қалпында сақталады. Әсіресе, зейнетақы мен жалақы төлеу бойынша әлеуметтік әділдікті сақтау саясатына мән беріледі. Өйткені, бұл экономика құлдилауының алдын алып, қоғамдық теңдікке жол ашады.

Айқын Қоңыров, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты:

– Қазақстан коммунистік халық партиясының Орталық комитетінің саяси бюросы болады. Сол отырысында біз осы сайлау туралы барлық мәселені қараймыз. Біріншіден, ол жер туралы мәселе, екіншіден, ипотечниктер туралы. Менің ойымша, ең маңыздысы – ол зейнетақы реформасы туралы.

Хабар 24 телеарнасы