422.87 509.00 5.60
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Елімізде сайлауалды үгіт-насихат жұмыстары қашан басталады

  • 158
  • UPD: 16:06, 21.10.2020
Елімізде сайлауалды үгіт-насихат жұмыстары қашан басталады Liter.kz

Орталық сайлау комиссиясының мүшесі Ерлан Дауылбаев сайлауалды үгіт-насихат жұмыстарының қашан басталатынын хабарлады.

«Сайлау алдындағы үгіт 2020 жылғы 10 желтоқсанда жергілікті уақытпен сағат 18-ден кейін басталады және 2021 жылғы 9 қаңтарда жергілікті уақытпен 00:00-де аяқталады», – деді ол.

Ал депутаттыққа кандидаттарды ұсыну кезеңі 2020 жылғы 10 қарашадан бастап 2020 жылғы 4 желтоқсанда жергілікті уақыт бойынша сағат 18-ге дейін жалғасады.

«Партиялық тізімдерді тіркеу мерзімі аяқталғаннан кейін бірыңғай тәсілдер үгітті бір уақытта бастауға және үгіт кезеңін 5 күнге арттыруға мүмкіндік береді», – дегенді қосты Дауылбаев.

Мәслихаттар депутаттығына кандидаттарды тіркеу 2020 жылғы 10 желтоқсанда жергілікті уақыт бойынша сағат 18-де аяқталады.

Мәслихаттар депутаттарын сайлау қорытындыларын тиісті аумақтық сайлау комиссиясы сайлау өткізілген күннен бастап бес күн мерзімнен кешіктірмей белгілейді.

2021 жылғы Мәжіліс депутаттарының кезекті сайлауы өтеді

Қ.Тоқаев ҚР Парламенті Мәжілісі және мәслихат депутаттарының сайлауы туралы үндеу жариялады

Хабар 24 телеарнасы