421,91 511.30 5.59
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

«Ақ жол» партиясы сайлауға дайын

  • 189
  • UPD: 19:59, 21.10.2020

«Ақ жол» партиясы алдағы Мәжіліс және мәслихат депутаттарының сайлауына дайын.

«Тіпті, біз дайындық жұмыстарын 2016 жылы бастап кеткенбіз», - дейді Азат Перуашев. Сондай-ақ партия төрағасы мәслихаттар сайлауының алғаш рет партиялық тізім бойынша өтуін де өздеріне берілген мүмкіндік ретінде бағалады.

Азат Перуашев, «Ақ жол» партиясының төрағасы:

- Бұл жаңалық біздің жергілікті ұйымдарға, филиалдарымызға, аудан, қаладағы өкілдерімізге, қолдаушыларымызға мүмкіндік беріп отыр. Қандай жағдай болса да, біз өзіміздің міндетімізді, борышымыды абыроймен атқарып келе жатырмыз. Сондықтан «Ақ жол» партиясы бұл сайлауға үлкен үмітпен, жобамен кірісіп отыр.

Хабар 24 телеарнасы