423.87 509.00 5.59
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Отанына оралған қандастардың үй мәселесі толық шешімін тапқан жоқ – Тоқаев

  • 180
  • UPD: 14:48, 22.10.2020

Отанына оралған қандастарды үймен қамтамасыз ету мәселесі де толық шешімін тапқан жоқ. Олардың тек бір жылға берілетін қандас мәртебесінің мерзімі біткенше ғана үй алуға мүмкіндігі бар. Ал азаматтыққа ие болған соң бұл мәртебесі жойылып, сонымен бірге үй алу құқығынан да бірден айырылады.

Мұны бүгін Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің 4-отырысында Мемлекет басшысы айтты.

«Осыған орай азаматтық алған қандастарымыз солтүстік өңірге көшсе, Үкімет олардың үй кезегінің сақталуын қамтамасыз етуі керек» деді Қасым-Жомарт Тоқаев. Бұдан бөлек Президент мемлекеттік және ұлттық жоғарғы оқу орындары сатылмайтынын кесіп айтты. Әйтпесе қоғамда осындай қаңқу сөз тарап еді. Білім беру саласына тоқталған кезде Қасым-Жомарт Тоқаев ауылдағы кітапханаларда кітап қоры аз екендігін де атап өтті. Қазақ тіліндегі әдебиеттер мүлдем тапшы немесе жоқтың қасы. Білім және ғылым министрлігі бұл бағытта нақты ұсыныс әзірлеуі тиіс.

Атап өтейік, бүгін Президенттің төрағалығымен өткен ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің отырысында мемлекеттік басқару реформасы, әлеуметтік және экологиялық проблемаларды шешу, балалар құқығын қорғау, ерекше мұқтаждығы бар адамдарға көмек беру мәселелері талқыланды.

Хабар 24 телеарнасы