422.40 509.00 5.60
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Сарапшылар саяси ұйымдардың жай-күйін талқылады

  • 116
  • UPD: 15:47, 23.10.2020

Карантиндік шектеулерге байланысты Мәжіліс пен мәслихат сайлауының негізгі үгіт-насихаты әлеуметтік желілер мен мессенджерлерде өтеді, деп хабарлайды «Хабар 24».

Биылғы саяси науқанның басты ерекшелігі де осы болмақ. Әлемдік экономика және саясат институты ұйымдастырған онлайн конференцияға қатысушылар осындай пікір білдірді. Дүниежүзілік банктің болжамы бойынша биыл Қазақстан экономикасы 2,5%-ке қысқарады. Бұл елдегі әлеуметтің жағдайдың төмендеуіне әкелуі мүмкін. Сондай-ақ шектеу кесірінен көп адамның табысы азайып, саяси белсенділігі азайып кетті. Енді партиялар сол сайлаушылардың назарын өзіне аударуы керек. Сондай-ақ ауылдағы ағайынның ықыласын алған партияның ықпалы артуы мүмкін. Себебі дауыс беруде ауылдықтар белсендірек екені белгілі.

Хабар 24 телеарнасы