425.49 509.00 5.61
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Мемлекеттік қызмет көрсету 100% онлайнға көшеді

  • 152
  • UPD: 18:16, 23.10.2020

Үкімет басшысы Асқар Мамин ҚР Президенті жанындағы Цифрландыруды енгізу мәселелері жөніндегі комиссияның отырысын өткізді.

Жиында мемлекеттік бағдарламаны жетілдіру, ішкі істер органдарын цифрландыру және жер телімдері мен инженерлік коммуникациялардың цифрлық картасын жасау мәселелері қаралды. Биыл сәуір айында Мемлекет басшысы төтенше жағдай режимінде цифрландыру жөніндегі жұмыстың нәтижелеріне талдау жасауды және бөлінген қаражатты тексеріп, «Цифрлық Қазақстан» бағдарламасын қайта қарауды тапсырған еді. Осы орайда жобаның негізгі 10 бағыты жарияланды. Бағдарламаны іске асыру нәтижесінде 2025 жылға қарай мемлекеттік қызметтердің 100%-ін онлайн-форматқа көшіру, цифрландыру саласына инвестиция көлемін 500 млрд теңгеге дейін жеткізу, IT және электрондық өнеркәсіп экспорт көлемін 200 млрд теңгеге дейін жеткізу, 1 мыңнан астам жаңа инновациялық компанияларды құруға және 100 мың IT-мамандарды даярлауға ықпал ету жоспарлануда.

Хабар 24 телеарнасы