423.87 509.00 5.59
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Мәжіліс сайлауы: ҚКХП мәлімдеме жасады

  • 145
  • UPD: 23:04, 23.10.2020

Қазақстан Коммунистік Халық партиясы Саяси бюросының отырысы өтті. Жиында 2021 жылы 10 қаңтарда өтетін Парламенті Мәжілісі мен мәслихаттар депутаттарын сайлауға қатысу туралы шешім қабылданды.

Кезектен тыс Съезд шақырылып, партияның арнайы мәлімдемесі жасалды. Партия мүшелері бірқатар өзекті әлеуметтік мәселелерді талқылауға бастамашы болды. Сондай-ақ қазақстандықтардың әл-ауқатын арттыруға және жалпы әлеуметтік саланы дамытуға бағытталған маңызды заңдарды қабылдауға қомақты үлес қосты. Партия мүшелерінің Парламенттегі және мәслихаттардағы өкілдігін ұлғайтуды, сондай-ақ жергілікті өкілді органдардың жұмыс деңгейін арттыруды көздеп отырмыз деді Коммунистік партия өкілдері.

Жамбыл Ахметбеков, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты:

- Біз коммунистік партия алдағы сайлауға қатысатынымызды жеткізгім келеді. Көптеген әлеуметтік мәселелерде партия мүшелері көтеріп жүрді. Алда да жұмыс жалғасын табады.

Хабар 24 телеарнасы