422.87 509.00 5.60
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

«Бәйтерек» мұнарасында БҰҰ мерейтойына арналған шам жанады

  • 143
  • UPD: 23:33, 23.10.2020
«Бәйтерек» мұнарасында БҰҰ мерейтойына арналған шам жанады

Алматыдағы ботаникалық бақта Бейбітшілік аллеясы ашылады. Онда дипломатиялық корпус пен халықаралық ұйымдардың өкілдері қарағай егеді. Сондай-ақ екі күн бойы елорда тұрғындары мен қонақтары «Бәйтерек» монументі мен «Қазақстан темір жолы» мұнарасының мерекелік шамын көре алады. Бұл шаралар Біріккен Ұлттар Ұйымының 75 жылдығына арналған. 

Мұхтар Тілеуберді, ҚР Сыртқы істер министрі:

- Қазақстан БҰҰ-на мүше болғаннан бастап ұйыммен және оның органдарымен адам құқықтарын қорғау сияқты халықаралық күн тәртібінің маңызды саласында белсенді ынтымақтастық орнатып келеді. Бүгінде мықты әлем құру қиын болып көрінуі мүмкін, дегенмен, біз осы асыл миссияны жүзеге асыруға ұмтылуымыз керек. 

Антониу Гутерриш, БҰҰ Бас хатшысы:

- Пандемия басталған кезде мен жаһандық атысты тоқтатуға шақырдым. Қазіргі жағдайда бізде COVID-19 деген ортақ жау бар. Жаһандық атыс-шабысты тоқтату, бейбітшілікке жету үшін күш-жігерді біріктіретін уақыт жетті. 

Қазір АҚШ-тағы БҰҰ ғимаратының жанында 193 жалау көтеріледі. Ал 75 жыл бұрын ұйымның негізі қаланғанда тек 50 ел ғана мүше еді. Ол кезде екінші дүниежүзілік соғыс әлі де жалғасып, Сан-Францискода 50 ел жаңа әлемнің қандай болатынын талқылай бастағанды. БҰҰ Жарғысына 1945 жылы 26 маусымда қол қойылды. Ұйым босқындарға көмектеседі, кедейлікпен, аштықпен, климаттың өзгеруімен және қазір пандемиямен күреседі. 75 жыл ішінде аймақтық қақтығыстарды тоқтатып, ұрысты бейбіт жолмен шешу туралы 170-тен астам келісім жасады. 80-нен астам ел БҰҰ-ның көмегімен тәуелсіздікке қол жеткізіп, егеменді ел атанды.

Хабар 24 телеарнасы