422.87 509.00 5.60
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

ОСК: Сайлаушылар тізіміне 12 млн-ға жуық қазақстандық енгізілді

  • 95
  • UPD: 22:26, 27.10.2020

Елімізде 11 миллион 820 мың 318 сайлаушы бар. Орталық сайлау комиссиясы дауыс берушілердің тізімін жасады, деп хабарлайды «Хабар 24».

1 қазанға дейінгі жағдай бойынша осынша адам саяси таңдауын жасай алады. Бұл жөнінде Орталық сайлау комиссиясы төрағасының орынбасары Константин Петров мәлімдеді. Бұл бағыттағы жұмыстар жергілікті атқарушы органдармен бірлесе отырып, нақты жүйеге келтірілген. Бұған дейін дереккөзі әртүрлі азаматтар екі тізімге ілігетін немесе еш жерде болмай шығатын. Енді бұндай олқылықтар жойылады.

Константин Петров, ҚР Орталық сайлау комиссиясы төрағасының орынбасары:

- Сайлаушылар тізімі негізінде азаматтар Мәжіліс және мәслихаттар депутаттарын сайлауға арналған конституциялық құқықтарын жүзеге асырады. Осыған орай сайлаушылардың толыққанды әрі нақты тізімін түзу жергілікті атқарушы органдардың ғана емес, әкімдіктердің, аумақтық сайлау комиссияларының және әрбір сайлаушының бірлескен жауапкершілігі ретінде қарастырған жөн.

Шетелде жүрген жерлестеріміздің де өз таңдауын жасауға барлық жағдай қарастырылған. Мәселен, Қазақстанның елшіліктері жанынан 66 сайлау учаскесі құрылды. Шетелде тұратын немесе іссапармен жүрген азаматтарымыз дауыс бере алады. Ал, Қазақстанда әр адам өз сайлау учаскесінен тізімге ілікенін тексере алады. Елордада осы мақсатта байланыс орталығы, телеграмм-бот және қалалық әкімдік сайтында арнайы қызмет іске қосылды.

Берік Имашев, ҚР Орталық сайлау комиссиясының төрағасы:

- Сайлаушылар тізімдерімен жұмыс жасау – сайлау процесінің маңызды аспектілерінің бірі. Сайлаушылар тізімдерінің толықтығы, анықтылығы және өзектілігіне деген жауапкершілік жергілікті атқарушы органдарға жүктелген. Бірақ азаматтардың өздері де бұған қызығушылық танытуы қажет. Бұл азаматтарды сайлаушылар тізіміне енгізу, электораттың конституциялық сайлау құқығын жүзеге асыруға негіз болады.

Хабар 24 телеарнасы