422.87 509.00 5.60
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Ералы Тоғжанов жұмыс сапарымен Атырау облысына барды

  • 165
  • UPD: 18:01, 28.10.2020

Премьер-министрдің орынбасары Ералы Тоғжанов жұмыс сапарымен Атырау облысына барды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Вице-премьер өңірдегі эпидемиологиялық жағдаймен танысып, екінші толқынның алдын алу жұмыстарын жалғастыру керектігін айтты. Жедел кеңес барысында Ералы Тоғжанов өңір басшылығына халықты және медициналық мекемелерді дәрі-дәрмекпен, өкпені жасанды желдету аппараттарымен және оттегі концентраторларымен қамтамасыз етуді тапсырды. Сондай-ақ вице-премьер Атырау қаласының №4 емханасында болды. Аталған медициналық мекеме келушілердің дене қызуын автоматты түрде өлшейтін роботты өңірде бірінші іске қосқан болатын. 200 төсек-орындық модульді жұқпалы аурулар ауруханасы мен 600 орындық мектеп құрылысының барысымен де танысты. Облысты медикаменттермен қамтудағы тұрақтандыру қоры мен 42 атау бойынша дәрілік заттарды жеткізетін жергілікті қойма қызметін көрді. «Жұмыспен қамтудың 2020-2021 жылдарға арналған жол картасы» бағдарламасы аясында жүргізіліп жатқан 6 жолақты автожолдың құрылыс жұмыстарының сапасына оң бағасын берді.

Хабар 24 телеарнасы