425.05 509.00 5.58
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Қазақстан елшісі Австралияның генерал-губернаторына сенім грамоталарын тапсырды

  • 150
  • UPD: 09:32, 29.10.2020
Қазақстан елшісі Австралияның генерал-губернаторына сенім грамоталарын тапсырды ҚР СІМ

Қазақстанның Сингапурдағы, Жаңа Зеландиядағы және Австралия Одағындағы елшісі Аркен Арыстанов Австралияның генерал-губернаторы Дэвид Хёрлейге сенім грамоталарын тапсырды.

Сұхбат барысында қазақстандық дипломат Д.Хёрлейге ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың жылы лебіздері мен ізгі тілектерін жеткізді, деп хабарлайды ҚР СІМ баспасөз қызметі. Елші Австралия Қазақстан үшін Оңтүстік-Шығыс Азия мен Океаниядағы маңызды серіктестерінің бірі болып табылатынын атап өтіп, екі ел арасындағы достық қатынастарды нығайтуға бар күш-жігерін салатынына сендірді.

А.Арыстанов Қазақстан-Австралия қатынастарының одан әрі кеңеюі үшін айтарлықтай әлеуеті бар екенін атап өтті. COVID-19 қарамастан, ірі австралиялық компаниялар қазақстандық нарыққа белсенді түрде кіруде. Алдағы 2-3 жылда Қазақстан экономикасына 55 миллион АҚШ доллардан астам инвестиция құйылады деп күтілуде. Тау-кен саласы, ауыл шаруашылығы, су ресурстарын ұтымды пайдалану, технологиялар трансферті және халықаралық білім беру сияқты салалардағы ынтымақтастықтың келешегі зор.

Өз кезегінде Д.Хёрлей А.Арыстановты Қазақстан Республикасының Австралия Одағындағы елшісінің қызметіне кірісуімен құттықтап, оны шекаралар ашылғаннан кейін өз еліне сапар шегуге шақырды. Генерал-губернатор елдеріміздің халықаралық ұйымдар шеңберіндегі өзара қолдауын атап өтті және Қазақстанды ауқымды саяси және экономикалық жетістіктерімен құттықтап, сауда-экономикалық және инвестициялық серіктестікті кеңейтуге, сондай-ақ көпжақты тректегі ынтымақтастықты тереңдетуге өзара қызығушылық білдірді.

 

Хабар 24 телеарнасы