425.40 509.00 5.58
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Орталық сайлау комиссиясының 70 мың мүшесі оқытылады

  • 156
  • UPD: 22:45, 29.10.2020

Алдағы саяси науқан қарсаңында елдегі сайлау комиссиясының 70 мың мүшесі қашықтан оқытылады.

Сондай-ақ бейнеконференция арқылы саяси науқанды ұйымдастыру кезеңдері түсіндіріледі. Қазір оқытудың әдістемелік базасы әзірленіп, Орталық сайлау комиссиясының ресми сайтына жүктелген. Бұған дейін өңірлерде 20-дан астам семинар-тренинг өткен. Оған мыңнан астам адам қатысты. 2019 жылдан бері сайлау комиссиясының мүшелерін оқытуға қажетті қаржы жергілікті бюджеттен алынып келеді. Жалпы биыл еліміздің 17 өңірінде саяси науқанға қатыстатын азаматтарды оқытуға 212 миллион теңге бөлінген. 

Сәбилә Мұстафина, ҚР ОСК хатшысы:

- Оқытуды каскадты әдіс арқылы жоғары тұрған сайлау комиссияларының мүшелері қашықтан оқыту арқылы жүргізеді. Егер ондай мүмкіндік болмаған жағдайда көшпелі семинарлар ұйымдастырылады. Сонымен қатар ОСК интернет ресурсында қашықтан оқыту жүйесінің мобильдік нұсқасы бар. Яғни комиссия мүшелері өзідігінен оқып, білімдерін толықтыра алады.

Хабар 24 телеарнасы