422.40 509.00 5.60
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

«Қоғамдық сананы жаңғырту» бағдарламасын іске асыру жөніндегі комиссияның отырысы өтті

  • 163
  • UPD: 22:21, 29.10.2020

Мемлекеттік хатшы Қоғамдық сананы жаңғырту бағдарламасын іске асыру жөніндегі Ұлттық комиссияның отырысын өткізді.

Жиында бағдарламаны 2020 жылы іске асыру нәтижелері және алдағы жұмыстың жаңа басым бағыттары қарастырылды. «Рухани жаңғыру» бағдарламасын іске асыру жөніндегі 2020 жылға арналған іс-шаралар жоспарының орындалуы да талқыланды. Әлемдік пандемия мен экономикалық дағдарыс көптеген шаралар мен жобалардың жүзеге асуына кедергі келтірді. Басым көпшілігін алдағы күндерге жылжытуға тура келді. Сондықтан кейбір шаралардың концепциясы қайта қаралды. Бағдарлама аясында еліміздің руханияты мен тарихын, әдебиеті мен мәдениетін, білімі мен ғылымын тереңдету, таныту, зерттеу бағыттары бойынша жұмыстар кеңінен жалғасып жатқандығы айтылды. 

Қырымбек Көшербаев, ҚР Мемлекеттік хатшысы:

- Тұңғыш Президентіміз – Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев «Жаңғыру елдің ұлттық-рухани тамырынан нәр ала алмаса, ол адасуға бастайды. Рухани жаңғыру ұлттық сананың түрлі полюстерін қиыннан қиыс­ты­рып, жарастыра алатын құдіретімен маңызды» деп атап өтсе, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев биылғы халыққа Жолдауында: «Қазіргі міндет – халқымыздың жаңа болмысын қалыптастыру, тұтас ұлт сапасын арттыру. Қазақ қоғамында жаңа қағидаттар және жаңа бағдарлар салтанат құруға тиіс.

Еркін Әбіл, «Мемлекет тарихы институты» ММ басшысы:

- «Рухани жаңғыру» бағдарламасының мақсаты ол қоғамдық сананы жаңғырту. Бүкіл саяси жаңғырту бағдарламаларымызды іске асыратын 21-ғасырдың адамы болмаса, біз ештеңе істей алмаймыз. Сондықтан біз үшін қазір негізгі мәселе - бұл расында да адами капиталды жаңғырту. 

Комиссия қорытындысы бойынша Мемлекеттік хатшы Қырымбек Көшербаев мемлекеттік және атқарушы органдарға «Рухани жаңғыру» бағдарламасының басым бағыттары бойынша жұмысты одан әрі жандандыру жөнінде нақты тапсырмалар берді. 

Қырымбек Көшербаев, ҚР Мемлекеттік хатшысы:

- Ұлттық санамызды жаңғыртуға бар күш-жігерімізді салу керекпіз)

Хабар 24 телеарнасы