425.05 509.00 5.58
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Е.Тоғжанов екі облысқа жұмыс сапарымен барды

  • 143
  • UPD: 23:46, 29.10.2020

Ақтөбелік кәсіпкерлер пандемия кезінде еліміздің медициналық мекемелеріне арнап 50-ге жуық цифрлық рентген аппаратын өнідірді.

Аймаққа жұмыс сапарымен барған премьер-министрдің орынбасары Ералы Тоғжанов өндіріс орнында болды. Тоғжанов 190 орындық перинаталды орталықтың құрылысымен танысып, дәрі-дәрмек өндіретін кәсіпорынның жұмысын көрді. Онда жыл сайын 75 тоннаға дейін сұйық препарат жасап шығарады. Аймақта антисептик және медициналық маска өндірісі жолға қойылған.

Мұнан соң Ералы Тоғжанов Батыс Қазақстан облысындағы ахуалмен танысып, Орал қаласындағы көп бейінді ауруханаға барды. Медицина қызметкерлерімен кездесу барысында Премьер-министрдің орынбасары 20 автокөліктің кілтін салтанатты жағдайда табыстады. Сондай-ақ облыстық 200 орындық жұқпалы аурулар ауруханасының құрылысымен танысты.

Хабар 24 телеарнасы