423.81 509.00 5.60
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Самарқандта ТМД Қорғаныс министрліктері Бас штабы өкілдерінің отырысы өтті

  • 120
  • UPD: 14:28, 31.10.2020

Өзбекстанның Самарқанд қаласында Қорғаныс министрліктері бас штаб өкілдерінің отырысы өтті.

Жиында ТМД аумағындағы әскери қауіпсіздік мәселелері талқыланды. Жиынға қазақстандық делегация қатысып, алдағы жылға арналған бірлескен жоспарды пысықтады. Әскери құрылым жетекшілері сарбаздар біліктілігін арттыру және техникалық базаны жетілдіру мәселесіне баса назар аударды.

Әсіресе навигациялық жүйелер мен радиолокациялық тану бағыттарына басымдық берілді.

Хабар 24 телеарнасы