424.49 509.00 5.59
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Алматыда БҰҰ-ның 75 жылдығы құрметіне Бейбітшілік аллеясының негізі қаланды

  • 144
  • UPD: 13:43, 01.11.2020
Алматыда БҰҰ-ның 75 жылдығы құрметіне Бейбітшілік аллеясының негізі қаланды

Ботаникалық бақта «Бейбітшілік аллеясы» экологиялық жобасы аясында ағаш отырғызу салтанатты рәсімі өтті. Біріккен Ұлттар Ұйымының 75-жылдығына арналған іс-шараға Алматыда аккредиттелген дипкорпус және халықаралық ұйымдардың 40-тан астам өкілі қатысты.

ҚР СІМ-нің Алматы қаласындағы Өкілдігінің басшысы Ерлан Ысқақовтың айтуынша, «Бейбітшілік аллеясының» құрылуына ҚР СІМ Өкілдігінің қолдауымен «Алматы Дипломатиялық Клубы» Қоғамдық Бірлестігі мұрындық болды. Бастаманы іске асыруға Бас ботаника бағы басшылығының, Азық-түлік және ауыл шаруашылығы ұйымы мен Жаһандық экологиялық қордың «Орталық Азия мен Түркиядағы құрғақшылыққа бейім және тұзданған ауылшаруашылық өндірістік ландшафттарындағы табиғи ресурстарды басқару» Өңірлік жобасы және жоба қатысушыларының белсенді қолдауы түрткі болды.

Алматының «Бейбітшілік аллеясы» 2030 жылға дейінгі БҰҰ Орнықты даму мақсаттарын орындау міндеттеріне және тиісті экологиялық саясатқа сәйкес келетін мегаполистің қақ ортасында «Бейбітшілік қоғамдастығының» жайлы оазисін қалыптастыра отырып, мүдделері әртүрлі адамдарды тартатын жаңа орынға айналуы тиіс.

Хабар 24 телеарнасы