422.87 509.00 5.60
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Министрлер кабинеттерінде отыра бермей, ауыл араласын – Партия өкілі

  • 99
  • UPD: 05:26, 03.11.2020

Мемлекеттік қызметкерлер кеңседе отырып, жалған статистика жүргізгенше, ел арасына шығып, ауыл-ауылды аралауы керек. Сонда ғана кемшін тұстар көзге ілігеді.

«Ауыл» партиясының төрағасы Әли Бектаев министрлерді ауылдарды аралауға шақырды.

Айтуынша, Цифрлық даму министрлігінің Қазақстандағы елді мекендердің 93 проценті интернетпен қамтылған деген ақпараты күмән тудырады. Өйткені партия белсенділері елорда маңындағы 6 ауылда мониторинг жүргізген. Барлығында интернетке қосылу проблемасы бар. Тіпті кей ауылдарда ғаламтор түгілі мектеп жоқ. 

Әли Бектаев, «Ауыл» ХДПП төрағасы:

- Біздің мемлекеттік органдар өтірік ақпарат беруді доғару керек деп есептеймін. Қолдан жақсы статистика жасап, жақсы көрінудің қажеті жоқ. Астанамыздың жанында орналасқан 50-60 км жерде орналасқан ауылда мектеп жоқ болса 600 км ауылдағы мектептердің жағдайы не болып жатыр? Министріміз Мусин Мырза, білім министрі Аймағамбетов мырза, басқа да министрлер, ДСМ Цой мырза кабинеттерінде отыра бермей сол ауылдарға шығып көрсе дұрыс болар еді.

Хабар 24 телеарнасы