422.87 509.00 5.60
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Қ.Тоқаев: Венадағы жантүршігерлік терактіні ақтап алуға болмайды

  • 133
  • UPD: 16:06, 03.11.2020
Қ.Тоқаев: Венадағы жантүршігерлік терактіні ақтап алуға болмайды Ақорда

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Австрия астанасында болған лаңкестік әрекетке қатысты пікір білдірді.

«Венадағы жантүршігерлік терактіні ешқандай ақтап алуға болмайды. Австрия үкіметі мен халқының қайғысына ортақпын. Халықаралық қоғамдастықтың күш-жігерін терроризмге, адамзатты жеккөрушілік идеологиясы мен әрекетіне қарсы тиімді біріктіру керек», – деп жазды Тоқаев өзінің twitter-дегі парақшасында.

Дүйсенбі күні кешке Венада алты жерде, соның ішінде синагоганың жанында атыс болдыҮш адам қайтыс болды, 15 адам жарақат алды, олардың ішінде бір полиция қызметкері бар.

Қайғылы жайтқа байланысты елде үш күндік аза тұту жарияланды.

Венадағы атыс: қаза тапқандар мен жарақаттанғандар арасында ҚР азаматтары жоқ

Хабар 24 телеарнасы