425.49 509.00 5.61
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Мемлекет басшысы Австрия Президентіне көңіл айту жеделхатын жолдады

  • 127
Мемлекет басшысы Австрия Президентіне көңіл айту жеделхатын жолдады

Қасым-Жомарт Тоқаев Австрия Президенті Александр Ван дер Белленге көңіл айту жеделхатын жолдады.

«Бүкіл австриялықтар сияқты барлық дінге кереғар келетін, адами сенім мен ақылға сыймайтын мұндай жантүршігерлік зорлық әрекетке қарсымын. Терроризмнің кез келген түріне жол беруге және оны ақтауға болмайды. Осындай қаныпезер зұлымдыққа барған барлық кінәлілер жауапқа тартылады деп үміттенемін. Қазақстан халқының және өз атымнан қаза болғандардың отбасыларына қайғырып көңіл айтамын, зардап шеккен азаматтардың тезірек сауығып кетуіне тілектеспін. Осынау қаралы күндері Австрияның Федералдық Үкіметімен және халқымен біргеміз», – делінген жеделхатта.

Хабар 24 телеарнасы