420.79 509.00 5.65
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Шекара туралы заң қауіпсіздік қызметін оңтайландырады

  • 136
  • UPD: 15:37, 05.11.2020
Шекара туралы заң қауіпсіздік қызметін оңтайландырады

Бүгін өткен Сенат отырысында Қазақстан Республикасының мемлекеттік шекарасын күзету және ұлттық қауіпсіздік мәселелері бойынша кейбір заңнамалық актілерге өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы заң қабылданды.

Сенат төрағасы Мәулен Әшімбаевтың айтуынша, бұл заң ұлттық қауіпсіздік органдарының басқару қызметін оңтайландыруға мүмкіндік береді. Сондай-ақ инфрақұрылымды дамыту және арнайы техникаларды қолдану арқылы мемлекеттік шекараны күзету мен қорғау жүйесін жетілдіруге жол ашады. «Мемлекеттік шекара – ұлттық қауіпсіздігіміз бен елдігіміздің кепілі», – деді Мәулен Әшімбаев.

Мәулен Әшімбаев, ҚР Парламенті Сенатының төрағасы:

– Заңда маңызды нормалар қарастырылды. Олар Президентіміздің мемлекеттік шекараның мызғымастығын қамтамасыз ету жөніндегі тапсырмаларын іске асыруға арналған. Қазіргі таңда әлемде түрлі сын-қатерлердің туындап жатқанын көріп отырмыз. Сондықтан шекараны уақыт талабына сай күзетудің және қорғаудың мықты жүйесін қалыптастырудың маңызы зор.

Хабар 24 телеарнасы